Last Change:
03/27/2026
Law of the Republic of Kazakhstan No. 176-VI of 5 July 2018 'On Advocacy and Legal Assistance'
Year: 2018
Type: Domestic law
Rights Category: Social protection
Description
The Law of the Republic of Kazakhstan dated 5 July 2018 No. 176-VI “On Advocacy and Legal Assistance” establishes the legal framework for the provision of legal assistance, regulates the organization and activities of advocates, and defines the rights, obligations, and guarantees of participants in the system of legal aid.
Selected provisions
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға, клиентті заң көмегін сұрап
өтініш жасаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға (құқықтық жағдай
шешілгенге) дейін құқықтық қолдап отыруды білдіретін өтеусіз заң көмегін шартқа сәйкес
көрсету кешенді әлеуметтік заң көмегі болып табылады.
Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін заң консультанттарының
палаталары, Республикалық адвокаттар алқасы белгілейді. Кешенді әлеуметтік заң
көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы мәліметтер уәкілетті органға жіберіледі.
Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру
нысандарының бірі болып табылады және ерікті түрде жүзеге асырылады.
2. Кешенді әлеуметтік заң көмегі мыналарға:
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден
бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес
арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарға;
2) атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан
соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;
5) жасына байланысты зейнеткерлерге;
2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.27.06. №
129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1
шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тұратын қарттар мен
мүгедектігі бар адамдарға;
7) 2021.09.06. № 49-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) мүгедектігі бар балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған не қамқорлығында
кәмелетке толған мүгедектігі бар адамдары бар адамдарға көрсетілуі мүмкін.
Кешенді әлеуметтік заң көмегі азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік
қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейді.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан
бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мемлекет кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды
ынталандырады.